Жәнібектің жағдайына байланысты қылмыстық іс қозғалды

0
430

Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев анасын Бельгиядан іздеп келген қазақ Жәнібек Савельевтің оқиғасына қатысты пікір айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жәнібек Савельевтің асыралуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қай уақытта, қай себеппен шетелге шыққаны анықталып жатыр. Әке-шешесі іздестіріліп жатыр. Нақты Жәнібектің оқиғасы сияқы істер бар деп айта алмаймын. Ондай істер жоқ», — дейді Қожаев.

Жәнібек Савельев  2023 жылдың соңында Қазақстанға  туған анасын іздеп Белгиядан келеді. Соңғы айларда оның анасын табуға көмектесетін көптеген мәліметке қол жеткен. Мысалы, «Бармысың, бауырым?» редакциясы ДНҚ зерттеулері арқылы оның туған кезде басқа баламен ауысып кетуім мүмкін екенін анықтаған. Жәнібектің өзі күні кеше асырап алған анасы ауыр дертке шалдыққанын айтып, қазақстандықтардан көмек сұраған болатын.

Фото интернеттен алынды.