Аптап ыстықтан асфальт көтеріліп кеткен

0
161

«ҚазАвтоЖол» компаниясының Ресей шекарасы (Самара) – Шымкент тас жолының учаскесінде аптан ыстықтың салдарынан бетон плиталар жарылып кеткенін мәлімдеді. Жолдың көтеріліп кеткен бөлігі алынып тасталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Түркістан облысында 27 маусым күні сағат 19:30 шамасында ауа температурасының нормадан тыс (+45 — +50 градус) болуына байланысты М-32 «РФ шекарасы (Самараға дейін) – Шымкент» Түркістан қаласы бағытындағы республикалық тас жолының 2 155-ші шақырымында цемент-бетон плиталары көтеріліп, жарылған.

«Жолдың бұзылған бөлігінде ақауларды жою және көлік қозғалысын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жөндеу жұмыстарына 4 бірлік техника мен 10 адам жұмылдырылған», – деді баспасөз қызметі.

Фото интернеттен алынды.