Мектептегі тәрбие баяғыда “өлген”

0
1568

Сабақтың үш мақсаты болуы керек: дамытушылық, білімділік, тәрбиелік. Бұрын болған. Кейін оны жаңартылған білім бағдарламасы оқу мақсатына кіріктіріп жіберді.

Сөйтіп мектепте әр пән мұғалімі бала тәрбиелеу мақсатынан айырылып қалды. Тәрбиені мектептептің тәрбие бөлімінің завучы мен сынып жетекшіге міндеттеді.

Сынып жетекші аптаның бір күнінде 45 минут тәрбие сағатын жоспарлап өткізеді. Өткізгені бар болсын: сол 45 минутқа: өрт қауіпсіздігі, жол қауіпсіздігі, дәрігерлік кеңес, мектеп басшысының тексеруі, білім басқармасының статистикалық есебі, байқаулар мен челендждер қоса қабат қосылғанда, сынып жетекшінің жоспары да далада қалады.

Қазақ мұны “Бағушы көп болса, қой арам өледі” дейді. Тәрбиелеу, шынын айтқанда, баяғыда өлген.

Челендж, пост шығару, өтірік ақпарат беру — тәрбие емес, жын-ойнақ. Анау түрлі комитеттер өздері оқушымен жұмыс жасауы керек, олар мектепке баспайды, басса комиссия болып қоқиып келіп, қоқиып кетеді. Олар оқушының алдында тұрып суретке түседі, әлемжеліге салады. Соны тәрбие деп түсінеді.

Мектептегі тәрбие 2016 жылы “өлген”, бірақ қағазда қадау-қадау ақпараты жүреді. Пән мұғалімінің кейбірі балаға ие бола алмай, сынып жетекшіні шақырады. Завуч тәрбиелей алмай, кешіккендерді кіргізу үшін сынып жетекшіні сабақтан вазтаға шақырады.

Ата-ана баласын ұқпай, түсінісе алмай, сынып жетекшіге жалтақтайды. Тіпті, болмаса сынып жетекші тәрбиелемейді деп, арызданады.

Ал әдекімдердің “теориясы” болып бағдарламада тұрған “құндылықтар” — бос сөз. Мұғалім теорияны түсіндіріп, оқу мақсаттарына жетіп алуды ойлайды. Бағдарлама солай- тәрбиеден алыс.

2026 жылға дейінт соның жаңа түрі қиялмен дайындалып, енгізгелі жатыр дейді ғой. Болашаққа қарттар үйін көбірек салыңыздар және түрмені көбейтіңіздер. Әр үйдегі кей бала қазірден бастап тәрбиесіз.

Мира БАРАКАТҚЫЗЫ,

тәжірибелі ұстаз.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.