Сексуалдық қылмыстар артқан
ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли Қазақстанның сот практикасына сексологиялық сараптама енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Халықаралық тәжірибе нәтижелері бойынша, сондай-ақ адамның жеке басына, оның ішінде жыныстық сипатқа қарсы қылмыстар санының артуына байланысты Әділет Министрлігі «сот-сексологиялық сараптама» ретінде енгізу жұмыстарын бастады.
Қарапайым тілмен айтқанда сараптама тексерілушінің жыныстық, психосексуалдық дамуда қандай да бір ауытқулардың бар немесе жоқтығы, ауытқулар байқалса, олар нені білдіретінін, педофилдерді анықтау, тексерілушіге химиялық кастрация қажеттігін анықтау, осы сияқты сауалдарға жауап береді», — деді Талғат Уәли брифингте.
Осы жобаны іске асыру мақсатында Астана қаласының Сот сараптамалары ғылыми-практикалық орталығының 3 сот сарапшысы Беларусь Республикасында оқудан өтті. Қазіргі уақытта «Сот-сексологиялық сараптама» түрі бойынша әдістеме әзірленуде.
Фото интернеттен алынды.