Лагерьде еден жуып, әжетхана тазалаған

0
425

Түркістандағы Машат-Арасан лагерінде балаларға әжетхана тазалатып, еден жуғызған. Сондай-ақ тәлімгерлер жалақыны қиып тастайды деп шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Kozachkov Telegram-арнасында жекеменшік лагерде балалар әжетхананы тазалап жүрген видео жарияланды. Видео авторының сөзінше, балаларды мұндай тірлікке мәжбүрлеп жатыр. Видео авторы бұл жағдай 1 жыл бұрын болғанын айтыпты.

Түркістан облысының білім басқармасы бұл лагерде балалар «Қазақстан халқына» қоры есебінен демалатынын мәлімдеді. Олар аталмыш видеоны бақылауға алып, арнайы комиссия құрғандарын түсіндірді.

“Аталмыш жерге тексеріс жүргізілді. Сауықтыру лагерінің жалпы аумағы – 4 гектар. Екі бассейн, екі спорт алаңы, асхана, 450 орындық екі жатақханасы бар. Дәретхана ғимараттардың ішінде орналасқан. 30 маусымда облыстың алты ауданынан жиналған 450 балаға 5-маусым басталды. Ата-аналар тарапынан шағымдар түскен жоқ”, – деп мәлімдеді білім басқармасының баспасөз хатшысы Нұрлан Сұлтанбек.

Лагерь директорының хабарлауынша, видеоны лагерде төрт күн жұмыс істеп, төрт рет ескерту алған тәлімгер жариялаған. Ол жұмыста ішкі еңбек тәртібін сақтамағаны үшін соңғы ескерту алған екен. Соған кектенді деп түсіндірді.

“Ол арам пиғылмен ғимарат ішінде тазалық жұмыстарын ұйымдастырып, балаларды видеоға түсірген. Ол жұмыстан шығасың дегенге ашуланып осындай қадамға барыпты. Лагерь жұмысы бақылауға алынды, балалар әдеттегідей демалып жатыр”, – делінген ведомоствосында.

Фото интернеттен алынды.