Қытай президентін қазақ баласы таңғалдырды

0
382

Бүгін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Астанаға мемлекеттік сапармен келді. Елордада маңызды қонақты балалар хоры мен тікұшағы бар кортеж қарсы алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Журналист Әділ Балтабаев ресми кездесуден шағын бейнемен бөлісті.

Қытай тілінде ән айтып, өзін таныстырған баланың бірі – 10 жасар Әмірхан Си Цзиньпинді «ата» деп атады.

«Бала ҚХР басшысын қытай тілін білуімен таң қалдырды. Соның арқасында, ол біздің президент оқыған Пекин тіл және мәдениет университетіне оқуға шақырту алды», – деп жазды журналист.

Қытайдың көшбасшысы Қазақстанда 2-4 шілде аралығында болады.

Фото интернеттен алынды.