Бишімбаевқа қатысты жалған ақпарат тарады

0
182

Әлеуметтік желіде азаматтық некедегі әйелін өлтіргені үшін сотталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанадағы тергеу изоляторында төбелес шығарды деген ақпарат тарады. Azattyq Rýhy 

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен мұның рас-өтірігін білді.

Желіде тараған мәліметке сүйенсек, Бишімбаев изоляторда бірге отырған камераласымен сөзге келіп, оған дене жарақатын келтірген. Алайда ҚАЖК бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік туралы ескертеді», — делінген хабарламада.

Фото интернеттен алынды.