Әр қызметкерге 434 мың доллардан бөліп бермек
Британдық миллиардер Марк О’Хара қоластындағыларға компанияны сатудан түскен 650 миллион долларды (308 миллиардтан астам) бөліп беруге шешім қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Fortune басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жақында әлемдегі ең ірі инвестициялық компаниялардың бірі Blackrock О’Хара 2002 жылы негізін қалаған Preqin деректер компаниясын сатып алды. Мәміле 3,32 миллиард долларды құрады.
О’Хара мен оның әйелі Линди компанияның 80 пайызына иелік етті. Сатылғаннан кейін олар 2,6 миллиард доллардан астам ақша алады, бұл оларға Ұлыбританиядағы ең бай жүз адамның қатарына кіруге мүмкіндік береді.
Қалған қаражат, шамамен 650 миллион доллар, Preqin басшылығы мен 1,5 мың қызметкер арасында бөлінеді. Басылымның хабарлауынша, бұл қадам О’Хараның қарамағындағыларды миллионер жасайды.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.