Қайраттың анасы жылап отырып мұңын жазды

0
1040

Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова уақыттың өтпей жатқанын айтып, 15 тәулікке қамалған ұлына арнап жан тебірентерлік мәтін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жай күндері күндер зулап өтіп бара жатыр деп ренжуші едім, кім ойлаған таңым да атпай, кешім де батпай тоқтап қалғандай боларын. Әр сағат пен өткен күнді санап басым қатты. Алла күш қуат берсін.

Толассыз ағылып жатқан хаттарыңыз үшін аналық жүрегіммен алғысымды айтамын. Сынақ қой ештеңе етпес, сіздер де жігерлі болыңыздар. Кімнің басынан не өтпейді, бұлт артынан күн шығатынын ұмытпайық.

Бес саусақ бірдей емес, бір ананың баласы мүгедек, бірі баласынан айырылып жатыр, бірі перзент сүйе алмай жүр, соның бәрін Алла тәубасына келсін деп көзіңе көрсетіп қояды екен.

Иә, тәубе, ең бастысы балам аман. Ер азамат қой, тағдырына көнеді, шыдайды, өзі әндеріне қосып айтқандай, шыда, жүрек. Тілеуін тілеп отырған барша аналарға айтарым: Ой Алла-ай сіздерге жазып отырып көзімнің жасынан бұлдырап көрінбей кеткен қателерімді сан түзедім-ау.

Жүрегіме Алланы салып, бір Аллаға тапсырдым ұлымды, десем де, жүрек шіркін беріліп кете береді екен ғой, ана жүрек деп бекер айтпаса керек», — деп жазды Айдарбекова.

Ол атағандай, ана атаулы өз баласын қатты жақсы көрсе, ал ұлың сүйген жарын қатты жақсы көрсе, Алла сонысымен қатты сынайды екен.

«Көз жасыңыз тек қуаныштан болсын. Екінші видеодағы «Ана» әнінде YouTube-те толық нұсқасын байқасаңыздар, сахнадағы экранда Бибігүл анамыздың суреті.

Тура сол кезде апамыз Қайрат жер деп біраз сағын сындырып еді. Бір разы болғаным ұлыма, қоя беріңіздерші, қарттық қой, ештеңе етпес, Бибігүл анамызды да қосыңыздар, ол кісіге де арнаймын деді, көмекшілерім ұлымның сыртынан «жаным-ау неткен қарапайымдылық, осы көркем мінезінің арқасында әлі орнын жоғалтпай Алланың қалауында болып келеді ғой, әпке» деп көздеріне жас алып еді.

Адамдар соңғы кезде кекшіл, өсекшіл болып барады, ел болып түзелеміз бе десек, күннен күнге лаулаған оттай өршіп барады. Бір қазақпыз, қанымыз да жанымыз да қазақпыз, неге ойланбасқа, ұрпағымыз бір қазақ емес пе?», — деп жазды әншінің анасы.

Еске салсақ, әнші Қайрат Нұртас ұшақта досымен төбелескені үшін 15 тәулікке қамалған еді.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.