«Тәңірдің таңбасы» деген не?
Сәби дүниеге келгенде, әрқайсысымыз байқаған шығармыз, баланың құйымшақ тұсында көкшіл қал болады. Міне осыны ертеде ата-бабаларымыз «Тәңірдің таңбасы» деп атаған.
Мұндай қалмен дүниеге келген бала, әрқашан Тәңірдің жарылқауында болады деп сенген. Әйтсе де, мұндай таңбасыз туған балалар көшпенділер арасында кемде-кем болған.
Бұл қанмен берілетін ерекше құбылыс әлі күнге көшпелі түркі жұрты саналатын барлық халықтарда кездескенімен қоймай, алыс Бурят, Якут, Қырғыз, Қазақ, Жапондардың айндары, Кәріс, Қалмақ, Тыва, Хакас ұлттарында және солтүстік Американың үндістерінде де, кездеседі екен.
Қазіргі моңғол халқында бұл құбылысты «Шыңғыс таңбасы» дейді-міс және мұндай қалмен туған баланы Шыңғыс ханның ұрпағына балайды екен. Оған қоса, өзге түркі жұртында бұл қалды Ұмай анамен де, байланыстыру кең тараған.
Ғылым бұл құбылысты меланин пигменттерінің терінің қабаттарында қалып қоюымен түсіндіреді. Әйтсе де, ғалымдар, әлі күнге бұл құбылыстың неліктен пайда болатынына қатысты бірауызды шешімге келе алмауда.
«Шыңғысхан шапалағының ізі» деген сыңайлы аңыздар жиі айтылады.
Еркін қазақ болудан қашып жүргендер бұған не дейді екен?
Айгүл БОЛАТЖАНҚЫЗЫ,
Facebook жазбасы.
Фото интернеттен алынды.