Бұрынғы қылмыскер балабақшада жұмыс істеп жүр

0
244

Жетісу облысының балабақшаларында бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін сотталған 11 адам жұмыс істеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыс прокуратурасы білім беру мекемелерінде 200-ден астам бұзушылықты анықтады.

Мәселен:

Кербұлақ ауданының балабақшаларында жалпы сомасы 25 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру фактілері анықталды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ақсу ауданының 8 балабақшасында ішек таяқшалары табылды.

Ақсу, Сарқан аудандары мен Текелі қаласының 9 балабақшасы өз қызметін мерзімі өткен санитарлық қорытындылар негізінде жүзеге асырды. Ал кейбір жағдайларда мерзімі өткен медициналық препараттар сақталған.

Алакөл, Ескелді және Сарқан аудандарының жеті балабақшасында бейнебақылау камераларының көпшілігі жұмыс істемейді.

Панфилов ауданының 55 жеке балабақшасында «Шақыру дабыл түймесі» жүйесі жоқ. 40 балабақшада өрт қауіпсіздігін хабарлау жүйесі жұмыс істемейді, ал екі балабақшада олар мүлдем болмады.

Сарқан және Алакөл аудандарындағы екі балабақшаның аумағы толық қоршалмаған, бұл бөгде адамдардың балабақшалар аумағына кедергісіз кіруіне мүмкіндік берді.

Сарқан, Қаратал және Панфилов аудандарындағы 12 балабақшаның жанында жаяу жүргіншілер өткелдері мен «Балалар» белгілері жоқ.

«Барлық анықталған бұзушылықтарды жою туралы 22 қадағалау актісі енгізілді, 40 адам әкімшілік жауапкершілікке, 7 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды», — деп хабарлады прокуратура.