«ЛГБТ — адамның психикалық ауруы емес» дейді феминист
Журналист Әйгерім Құсайынқызы ЛГБТ деген адамның психикалық деңгейінің бұзылуы емес дейді. Бұл туралы ол «Кейде ойланамын» арнасына берген сұхбатында айтты деп жазады Democrat.kz.
«ЛГБТ-ны 1948 жылы Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы «халықаралық психикалық аурулар» тізіміне қосқан болатын. Ал 1990 жылдың мамырында ЛГБТ «психикалық аурулар» тізімінен шығарылды. Бұл нені білдіреді? Бұл дегеніміз біржынысты қарым-қатынас жасаушылар, яғни ЛГБТ болған адамның писхикасында ешқандай ауытқушылық жоқ, тек ондайлар өмірге солай болып келеді дегенді білдіреді»,- дейді Әйгерім Құсайынқызы.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.
@keide.oilanam Кейде ойланамын… #әйгерімқұсайынқызы #журналexclusive