«Қазпошта» кассирлері ақша жымқырған
Алматы облысы Жамбыл ауданының халыққа қызмет көрсету бөлімінде қызмет көрсететін «Қазпошта» АҚ кассирлері 2021-2023 жылдар аралығында паспорт және жеке куәлікті рәсімдеу барысында мемлекеттік баждың бір бөлігін иемденіп отырған, деп хабарлайды Dalanews.kz.
«Көші-қон қызметіне баж соммасы жайлы көрінеу жалған ақпарат енгізілген түбіртекті ұсынып, мемлекетке 84 млн теңгеден аса шығын келтірген», — деп хабарлады ҚМА.
Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы облысы прокуратураның үйлестіруімен мемлекеттік қызметтер көрсетілгендігі үшін жасалған төлемдерді аса ірі мөлшерде жымқыру мән-жайы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес жарияланбайды.
Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық құқықбұзушылықтар үшін заңмен жауапкершілік көзделгендігін ескертеді.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.