Танымал ұстаз жартылай жалаңаш фотосын жариялап сынға қалды

0
2050

Facebook әлеуметтік желісінде білім саласына қатысты түрлі заңдық ақыл-кеңес беріп, ұстаздарға бағыт-бағдар сілтеп отыратын Сұлтан Сүлеев «Қазақстан ұстаздары» тобында жартылай жалаңаш суретін жариялап, жазба қалдырды деп жазады Democrat.kz.

Негізінен жүздеген мың мұғалім отыратын «Қазақстан ұстаздары» тобында Сұлтан Сүлеев мектеп басшылары мен бухгалтерлері жымқырған ақшалар туралы ақпаратымен бөліскен. Автор өз жазбасында білім саласындағы жемқорлық пен әділетсіздік туралы сөз қозғаған.

 

Алайда топтың мүшелері Сұлтан Сүлеевтің жазбасынан гөрі, жартылай жалаңаш фотосына (төменде) көбірек шүйлігуде.

«Әйеліңіздің қасында жатсыз ба?», «Ең болмаса, жүндерді қырып тастау керек пе еді ә», «Сіздің де бухгалтер бәрін сыпырып алған ба? Тыр-жалаңаш қалдырыпты ғой, аға», «Ұят екен мынадай фото салғаныңыз, әжептәуір кісі деп сізді сыйлап жүрсек, арқаңыз бар ма, мәдениет қайда, біз сияқты сізді құрмет тұтатын қанша педагог отыр, алжасқансыз ба, өз абыройыңызды түсіріп, жас бала емессіз ғой» деген сыни пікір көптеп жазуылуда.

«Суға костюммен түскен мұғалім келіншек пен бұл фотоның арасындағы логиканы түсінесіз бе?» деген авторды түсінбей жатқан ұстаз көп.

Фото «Қазақстан ұстаздары» тобынан алынды.