Ер адам 16 қабаттан құлап, қайтыс болды

0
416

Шымкентте ер адам 16-қабаттан құлап, қайтыс болды. Оқиға «БИИК» тұрғын үй кешенінде орын алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті Оtyrar.kz басылымына сілтеме жасап.

Маңайдағы куәгерлер марқұмның бұл тұрғын үйде тұрмайтынын, пәтерді бірер күн бұрын жалға алғанын айтты.

Қазір оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. Марқұмның өзіне қол салғаны немесе 16—қабаттан абайсызда құлағанын полция анықтайды. Ал оқиғаға қатысты қылмыстық іс «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бабы бойынша тіркелген.

«Аталған жайт  бойыншаТұран ауданының полиция басқармасымен ҚР ҚК-нің 105 бабы, яғни «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бойынша тіркелді. Тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде», — деп хабарлады Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі.

Фото интернеттен көрнекілік үшін алынды.