Елдос Сметовтің ата-анасы пікір білдірді

0
668

Дзюдодан Олимпиада чемпионы атанған Елдос Сметовтің ата-анасы баласының жеңісі туралы ой білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстандық дзюдошы 60 келі салмақта финалда франциялық Лука Мхеидзеден басым түсті.

«Қолдау көрсеткен қазақстандық азаматтарға ризашылық білдіреміз. Оған барлық тілеулес жұрт, бапкерлері үлкен сенім артты. Елдің сенімін ақтады», – деді әкесі Бақтыбай Сметов.

Өз кезегінде анасы Тоқтагүл Сметова Елдостың әрбір кездесуін теледидар арқылы тамашалай алмайтынын айтады.

«Ол күрескен кезде тілеуін тілеп далада жүремін. Белдесу өтетін бес минут мен үшін ұзаққа созылады. Көк туымызды көкке көтеруіне қашан да тілекші болдым», – дейді ол.