10 секундқа кешіккен ұшақ әуежайға қона алмады

0
142

Испанияның Аликанте қаласынан ұшқан әуе кемесі Берлиндегі әуежайға қонуы тиіс еді. Алайда, ол 10 секундқа кешіккен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға 27 шілдеде кешке болған. Eurowings компаниясының ұшағы Берлинге жеткен. Алайда, ол санаулы секундта қайтадан аспанға көтеріліп, ел астанасынан 300 шақырым қашықтықта орналасқан Ганноверге қонды. Бұл рейстің 212 жолаушысы Берлинге өз бетімен баруға мәжбүр болған, деп жазды жергілікті Tagesspiegel басылымы.

«Берлинде түнгі рейстерге тыйым салынған. Тыйым 23:30-дан бастап күшіне енеді. Алайда, кешіктірілген рейстер үшін түн ортасына дейін қонуға мүмкіндік беретін ерекшелік бар. Әуе көлігін басқару қызметі ұшақтың ұшу-қону жолағын тазартып, күтті. Бірақ қонуға бірнеше секунд жетпеді», — деп жазды басылым.

Авиакомпания Ганноверден Берлинге өз бетімен жеткені үшін барлық жолаушының шығынын өтейді.

Фото интернеттен алынды.