Боксшылар дайындық кезінде той тойлап жүрген бе?
Бокстан Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасында өз тарихындағы антирекордын орнатты деп жазады Democrat.kz. Ютубтағы «Бірінші бол» арнасына сілтеме жасап.
«Яғни, бұл жолы боксшыларымыз елге жалғыз медальмен оралатын болды. Мұндай «провалға» кім кінәлі? Қазір жанкүйерлер жабылып кінәліні іздеп жатыр.
Бір тарап Геннадий Головкин тікелей жауапты десе, екінші тарап Қазақстан бокс федерациясын басқаратын Шахмұрат Мүтәліпті айыптайды. Ал, үшінші тарап кінәнің бәрі боксшылардың өзінде, яғни дайындығы төмен дегенді айтып отыр.
Спорт журналисі Нұрсұлтан Құрман: «Боксшылардың дайындығы өте төмен. Жаттығу кезінде бірі тойға кетсе, енді бірі жеке шаруасымен жүрген»,- деп спортшыларды сынға алды.