«Мені төрт рет асырап алды» дейді танымал блогер

0
404

Балалар үйінде тәрбиеленген, қазір жұртқа қайырымдылық жасаумен танылған блогер Самат өз өмірінен тағы бір жағдайды айтып берді деп жазады Democrat.kz.

«Мені де кезінде төрт рет асырап алды. Төрт түрлі отбасы. Екеуі үй шаруасын жасату, мал бақтыру үшін асырап алды. Енді  екеуі туыстарының сыпсың сөзіне шыдай алмай, балалар үйіне қайта өткізген еді. Қазір солардың бірі күнде хат жазады. Қызы рак ауруына ұшырап қалыпты. Соған қаржылай көмек бер деп жазады. Хатын ашамын, оқимын, бірақ жауап жазбаймын.  Мендегі бала кезімде жаныма түскен жара әлі жазылмады. Кезінде мені асырап алып, ойыншық секілді қайта апарып тастаған еді…»,- дейді блогер.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.