Адам құны — 400 мың теңге болғаны ма?

0
199

Түркістан облысында жергілікті тұрғын адам саудасы үшін 400 мың теңге алу кезінде ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ш» есімді азамат соңғы 2 жыл бойы мүгедектігі бар екі азаматты қайыршылық жасауға мәжбүрлеп, оларды Шымкент қаласында сату кезінде ұсталып, қамауға алынды», — деп хабарлады Түркістан облысының прокуратурасы.

Сонымен қатар тағы 10 азаматтың адам саудасына қатысы бар-жоқтығын анықтау үшін тексеру жүріп жатыр. Қазір адам саудасы фактісі бойынша тергеп-тексеру жүріп жатыр, өзге ақпарат ҚПК 201-бабының талаптарына сай жарияланбайды.

Фото интернеттен көрнекілік үшін алынды.