Әйелдің даусын естіген еркек есінен адаса бере ме?

0
539

ТикТок әлеуметтік желісінде өзара сұхбат жасаған имам-қожалар бұл жолы тағы бір әйелдің әуретіне тоқталды деп жазады Democrat.kz.

«Хиджабтағы қыздардың майысып отырғанын, күліп отыырғанын… Дауысты жұмсартып сөйлеудің өзі Ханафи мәзхабында әйелдің даусының өзі — әурет. Біз әйелді қатты қорғаймыз ғой. Еркекке әйелді көрудің қажеті жоқ, дауысын естісе болды ғой»,- деген уағызшы әлеуметтік желідегі кейбір әйелдерге ескерту жасады.

«Әйелдерді қатты қорғаушылардың» мақсаты не? Әурет деп онсызда хиджаб кигізді, оны аз көріп, ниқабқа орады. Еркегінің рұқсатынсыз бір адым сыртқа шықпайтын етіп қойды.

Еркектің қалауын ғана орындайтын күң еткендерімен ісі жоқ, сөйтіп отырып «әйелдерді қатты қорғаймыз» деп қояды. Өзінің еркіндігі жоқ әйелді не деп қорғамақ?

Енді міне, әйелдің даусы да әурет дейді. Бұл дегеніңіз онсызда ниқабқа тұмшаланған әйелдің сөйлеуіне, күлуіне тыйым салу емес пе? Бұл шектен шыққандық емес пе?

6-7 жасар қыздарын хиджабқа орағандар әйелдерін тұмшалап кімнен қорып жүр? Әркім жұртты өзі сияқты деп ойлайды. Бәлкім өзінің ниеті дұрыс болмаған соң, басқалар да солай деп әйелдерін қори ма? Не бұл? Басты мақсаттары не?