Депутат қазіргі ішкі қайғысы туралы айтып берді

0
113

Жақында анасынан айырылып қалған Мәжіліс депутаты, блогер Дәулет Мұқаев белгісіз дертке қатысты оқырмандардың сұрағына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Халық қалаулысының айтуынша, анасының иммунитеті әлсірей берген.

“Кейбір адамдар жазады, “Неге шетелге апармадың, жағдайың бар ғой” деп. Білесіз бе, егер шетелден біреу бізге келсін десе, Айға да апаруға дайын едім. Өкінішке қарай, Түркия, Германия, Ресей дәрігерлері ондай жауапкершілікке бармайтынын айтты. Себебі уақыт аз еді. Күн сайын иммунитет әлсірей берді. Тек онлайн кеңес алып, телефон арқылы байланыстық”, – деп жазды блогер.

Сонымен қатар анасының дүниеден озғанына әлі күнге дейін сенбейтінін айтып, оқырмандарын жылатты.

“Жан сақтау бөліміне үш рет түсті. Үшіншісі немен аяқталғанын бәріңіз білесіздер. Басында бәрі түс, елес сияқты. Абыр-сабыр, қарбалас болып жатыр. Кейін басқа қалаға кеткен сияқты әсер етті. Анам міне бір-екі күнде қайтып келетіндей көрінеді. Күндер өткенде мұның бәрі көрген түс емес, уақытша сапар емес екенін түсінесің. Сезінген жанға ең ауыр тиетіні осы екен”, – деді Мәжіліс депутаты.

Фото интернеттен алынды.