Діншілдердің шарттарын орындасақ, не болады?

0
1815

Таяуда әлеуметтік желіде Қалқан Қарулы деген азамат қызықты жазба қалдырды. Өз тарапымыздан осы бір жазбаға басқа да баптарды қосып, назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.

«Бәріміз арабтың діні Исламды қабылдап, араб тілінде намаз оқып, исламист мұсылман болдық дейік. Кейін 7-8 жасар ұлымызды медресеге беріп, сақал қойдырып, қыздарымызды қара қапшыққа орап, 9-10 жасынан күйеуге берейік.

Араптың жабайы салтын қабылдап, қара тасты айналып , шайтанға тас атайық.

Кейін елге қажы болып оралған соң, қазақтың бүкіл салт дәстүрін арамға шығарып, кейін шайтанға тас атқандай тас атайық па сонда?» деп жазады Қалқан Қарулы.

Мұнан бөлек, туған сәбиге шілдехана жасамайық, баланы сүндеттейік, бірақ той жасамайық. Өйткені ән-би харам. Әлгі баланы медреседе тек құран-хадис оқытып өсірейік.

Медресе біткен соң ол баланы 9 жасар қызға үйлендірейік. Анау-мынау қызға емес, өз бауырымыздың қызына үйлендірейік.

Ал қыздарымызды дүниеге келген құндағымен ораған күйі тұмшалап ұстайық. Қыздарға білім алуға тыйым саламыз. Қыз тек үй шаруасын істеп, еркекке қалай қызмет етуді үйренуге тиіс. Жарқырап күлуге болмайды. Дауыстап сөйлеуге де болмайды. Қыздың міндеті титтейінен үйдің бүкіл жұмысын істесін, аға-інісінің қызметшісі болсын.

Қызымыз 5-6 жасқа келгенде діни ұстанымы бір өз бауырымыздың ұлымен атастырамыз. 8-9 жасқа келгенде әлгі туысымыздың жасы 50-60-та болса да, соның қойнына салайық.

Қызымыздың енді төбесінен төнген аға-інісі, әкесінен бөлек, күйеуі де болсын. Әйелге айналған қызымыздың ендігі міндеті бала табу, үй шаруасын атқару, отбасындағы еркектерге иіліп қызмет ету.

Баланы тоқтамай табу керек. Кімнен туғаның маңызды емес. Ең басты міндетің — бала табу. Ол баланың болашағын Алла реттейді. Алла қаласа, тапқан балаң мүгедек болуы мүмкін. Бұл — сынақ. Сал баланы салақтатып көтеріп жүріп тағы да артынан бала таба беру керек. Балаң да өзің секілді қайыршының кебін киюі мүмкін. Ол — Алланың қалауы. Өйткені Алла оған жұмақтан үй дайындап отыр.

Діншілдер қалаған келесі мәселе көп әйелдік. Өзі қалаған әйел біткеннің бәрін еркектер бір бірімен алмасып, қойнына алсын. Қаласа тепкілеп, ұрып тастасын. Қаламаса «талақ» деп смс жолдап, досына сыйға тартсын.

Бес уақыт намаз оқиық. Мешітке күн сайын барайық. Жұмадан қалмайық. Еркектер қалаған ас-суды тұтынайық. Әйелдер үйден шықпасын. Еркектер талақпен тайраңдап өмірін өткізсін.

Жүрегіміз иманға толып, осылай өмірден өтейік. Мұсылмандардың арманын орындайықшы. Өміріміз қалай болар екен?

Зауыт, фабрикада кім жұмыс істейді? Мектептің болса да қажеті жоқ. Ауруханаға емес, молдаға дем салдыруға барайық. Яхудейдің интернеті мен телефонын қоқысқа атайық.

Несібемзді арттыратын қаншама дұға бар. Соларды оқысақ, Алла бізді аш қалдырмайды. Жұмыс істемейміз. Тек дұға оқысақ, болды.

Тек құран-хадис кітаптарын оқимыз. Аш қалсақ, арам өле қалсақ «Алланың қалауы» деп мойынсұнамыз. «Несібемізді Алла береді» деп қосымша ақша табуға ұмтылмаймыз. Барға қанағат етеміз.

Неке қиғысы келген кел келген еркекке қарсылық танытпаймыз. Өйткені әйел еркектен бір саты төмен. Әйел еркекті разы етсе жұмаққа барады. Өлген соң баратын жұмақ үшін керек болса, мыңдаған еркектің қойнына кіре берейік.

Көз алдыңызға елестетіп көріңіз, бұл қаншалықты ғажайып өмір? Қай ғасырға тән өмір болмақ?

Дайындаған — Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.

Democrat.kz.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.