«Мақсаттары — біржынысты некеге алып келу» дейді имам

0
336

Қалбатауда өткен әлдебір жиында Ризабек имам қоғамда намазхандарды жаман көрсетудің басты мақсатын айтты деп жазады Democrat.kz.

Тараған видеода имамның Қалбатауда болғаны жазылып көрсетілген. Имамның пайымдауынша қазіргі кезде қоғамда имамдар мен намазхандарды жаман етіп көрсетудің бір ғана мақсаты бар екен.

«Бізді имамды, Исламды, намазхандарды жаман етіп көрсетудің мақсаты — бізді сол дәрежеге әкелу. Ол қандай дәреже? Ол біржынысты некеге алып келу. Бұл жетістік емес, бұл азғындық, ағайын. Сондықтан біз Алладан сұрайық, бізді иманнан айырмасын», — деді Ризабек имам.