Абай Бегей қызын жылатып қойды
Күні кеше Ақтауда әнші Абай Бегейдің ортаншы қызы Сымбат Абайқызының үйлену тойы дүркіреп өтті. Қызының сырға салуына қатыспаған өнер иесі бұл жолы үлкен тойға арнайы Алматыдан келіп, жас жұбайларға әкелік тілегін айтқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жұлдызды жанұя Сымбат Абайқызының үйлену тойында оған ерекше тосынсый жасаған. Олар той қонақтарының назарына әсерлі отбасылық мұрағаттағы видео ұсынып, қалыңдыққа ақ тілегін жолдаған.
Жақындарының жылы сөздерінен кейін қалыңдық көзіне жас алып қалды. Соңында сөз тізгіні қайта Абай Бегейге беріліп, әнші той үстінде қызына бағалы сыйлық тарту етті. Өнер иесі тұрмысқа шығып жатқан перзентіне су жаңа көліктің кілтін табыстаған.
Әкесінің мұндай сыйынан кейін Сымбат Абайқызы тіптен қатты жылап қалды. Ол бірден әкесін қатты құшақтап, алғысын айтты. «Өткенің көз алдымда, балдырған қызым. Білмеймін, бере алдым ба әкелік жан жылуын. Мұстафа балам, қызым саған аманат. Маңызды күніңде жаныңнан табылып, қуанышыңа ортақ болғым келді. Мен саған ризамын, қызым. Сенің қуанышыңа арнайы тосынсыйым бар. Сен дайын болсаң», — деп айтты Абай Бегей.
Фото видеодан скринделді.