Лукашенконың трагедиялы тағдырын көретін күн жақын
Мені бұл дүниеде таңғалтқан, қиюы келіспейтін, оған миым жетпей таңғалумен өтетін нәрсе көп — ақ.
Соның бірі Лукашенко деген нақұрыстың білдей бір еуропалық елдің басында президент боп отыз жыл отыруы.
Украин — ресей соғысы басталардан бұрын, осы идиот Лукашенконың осы соғыс туралы айтқан сәуегейлігі, жасаған болжамы болды.
«это война продлится володя, три — четыре дня, там некому будет против нас воевать» ..
Лукашенко бір елдің білдей бір бас қолбасшысы. Өзі тоңмойын топас болса пәлен кеңесшісі бар, түген ақылман генералдары бар дегендей…
Жооқ, арсыз қасқа, шығып алып ауызына келгенін көкиді.
Интеллект деңгейі нөл. Өз заманынан артта қалған мракобес.
Белорус елінде қандай мықты айтишниктер, заманауи жастар, еуропалық саналы қоғам бар, соның мәнін түсінбей бәрін ту талақай қылды.
Мен лауазымды қызмет атқармадым, бас қолбасшы болмадым. Жәй қарапайым фейсбуктегі көгала қырттың біріміз.
Әйтсе де 21 жылы желтоқсан айы, «бұл соғыс болмай тынбайды» деп болжам айтыппыз, «Украина бұл соғыста жеңіледі деген далбаса сөз, Украина 45 млндық үлкен ел, Украинадай елді бағындыру үшін миллиондаған әскермен мұздай қару керек» деп небір дәйектер жазыппыз.
Ал анау Лукашенко…
Енді байқап отырсам осы тоғышар нақұрыс қазір есін жиып көткеншектеп артқа шегіне бастапты.
Путиннің билігінің көз алдында сетінеп сөгіліп жатқанын көрген бұл жәндік отыз саяси тұтқынын босатыпты, яғни батыс жаққа жақындамақ боп қадам жасапты.
Қалай болса да Лукашенко тұтылды. Оны енді ештеңе де құтқармайды.
22 жылы Киевке беттеген сансыз техника кімнің жолымен келді?
Оны кім кешіреді?
Бұл идиот путиннен ойнай тұруға ядролық қару алып оны сылап сипағанда, оны көрген ағылшын — саксондардың тамағынан ас өтті дейсіз бе, жоқ әрине. Маймылға граната беруге әсте болмайды
Қысқасы бұның қылмысы жетеді. Пәпкі — пәпкі боп жиналып қалды.
Менің ойымша ағылшын — саксондар Путинді бір жақты қылған соң, бұл тарақанның да көзін құртады.
Украинада мұздай қаруланған, соғыс шебінде түрлі техниканы, қаруды меңгерген тек белорус жігіттерінен құралған Кастус Калиновски атындағы белорус әскери полкы бар. Батыс арнайы қызмет орындары оларды сүрлеп дайындап отыр.
Бұл сарбаздар кезінде Лукашенконың езгісінен қашып осы Украинаны паналаған болатын. Бұлардың қияқ мұртты жәндікті атарға оғы жоқ.
Күндердің бір күні Батыстан бір белгі түскенде бұлар Беларусқа лап береді деп болжап отырмын.
Ал Лукашенко әскерінде — от пен оқтан өтіп толарсақтан қан кешкен бұл Полкқа қарсы тұрар дәрмен ол кезде болмайды.
Белорус әскері дегеніміз парадқа ғана арналған сықыр — сықыр етіп тот басқан совоктың армиясы.
Белорустың Украинадағы Кастус Калиновски полкы ЗСУ дің көлеңкесінде кәдімгідей тәжірибе жинап азулы әскери күш болып қалыптасып қалды.
Ал ЗСУ дегеніңіз қазір әлемдегі ең мықты армиялардың бірі, оны өздеріңіз білесіздер.
Лукашенко ажалының осы Полктан келетінін біліп отыр.
Баяғы Муссолиниді асқандай бүгінде Белорусте Лукашенконың аяғынан алып дар ағашқа салбыратып асатын бір күш болса, ол осы Калиновски полкы.
Негізі кейбір айтқанымыз далаға кетпеуші еді. Сондай бір болжамым бар;
— надан, топас, мансапқор, совок, самодур Лукашенконың трагедиялық тағдырын бұйырса осы жақын арада, өз ғұмырымызда көріп қаламыз.
Олжас ӘБІЛ, саяси сарапшы.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.