Ата-ана мұғалімді жұлқылап, былапыт сөз айтқан

0
1047

Биылғы 11 қараша күні №127 мектептің спорт залында 11 сынып оқушысының әкесі спорт залға сырттағы ИДН инспекторынан, күзеттен, вахта қызметкерінен еш кедергісіз өтіп спорт залға еніп мұғалімді жұлқып, мұғалімге былапыт сөз айтып, қоқан-лоққы көрсеткен.

Оған оқушылар мен педагогтар куә болған. Еңбекші Аудандық Полиция Басқармасы қызметкерлері 102-ге жәбірленушіден түскен арызды толық тергеп тексермей әкімшілік құқықбұзушылық деп, «ұсақ бұзақылықпен» 48 сағатқа жеткізбей әкімшілік мамандандырылған сотқа апарады.

Бұл арыз ҚР Қылмыстық Кодексінің «Бұзақылық» деп аталатын бабымен сараланып, тергеп тексерілуі керек еді.

Себебі, жәбірленуші тұлға лауазым иесі. Лауазымы «педагог», өз жұмыс орнында, жұмыс барасында жәбірленіп отыр.

Оқушының әкесі қасақана мектептің инспекторын, күзетін, вахта қызметкерін өтіп сабаққа енген.

Бұл іс әрбір педагогтың жан ұшыра қарайтын мәселесі. Кез келген педагогтың басынан өтуі мүмкін.

Әріптесіміз, Дана Игимбайдың құқығының тапталмауы үшін қолдау білдіріп сотқа келулеріңізді сұраймын.

Маржан АЛЫПҚАРАЕВА, белсенді ұстаз.

Facebook жазбасы.

Фото автордың парақшасынан алынды.