15 жасар қыздың некесін қиған имам жауапқа тартылуы керек
Бір жігіт 15 жасар қызды әйелдікке алып, оны жүкті еткені үшін сотталып кетті. 12 жылға кетті.
Дұрыс, заң бойынша кәмелетке толмаған қызды алу қылмыс.
Заң бойынша сотталуы керек.
Ал енді олардың некесін қиған молда ше?
Ол сотталмай ма? Кәмелетке толмаған қыздың некесін қию қылмыс емес пе?
Рұқсат деп миына құйып, некесін қиып, ақшасын алды ғой.
Жалпы молдаға, мешітке неке қиюға рұқсат бермеу керек. Мынау ғой енді, біреудің баласын соттап тынды.
Сол кезде қыздың жеке куәлігін сұраса мұндай болмас еді..
Сендерге үйленуге болмайды…деп айтуы керек ол молда.
Есіл дерттері ақша, көзтоймағырлардың.
Тағы бір мәселе бар.
Бұл үйленгендер намазхандар екен.
Ал олар кімнен дәріс алады? Молдадан әрине. Демек олар кәмелететіңе түкіргені бар.
Заң-паңды қақпайды, шариғат бойынша сөйлейді.
Міне дүмше молда ел бұзар деген осы.
Мақсұт ТАҢЖАРЫҚҰЛЫ, қоғам белсендісі.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін.