2050 жылы қазақтар Оңтүстік Африкада шоғырланады

0
246

Билікті сынау деген де кәдімгі бір жұмыс.  Футбол коментаторлары секілді жылдам сөйлеп отырмасаң , мыналар еш үлгертпейді деп жазады қоғам белсендісі Медет Арыстан Facebook парақшасында. Медет Арыстанның жазбасын жаңа айдарымызда аз ғана өзгеріс енгізіп жариялап отырмыз. Оқыңыз, ой қосыңыз. 

Алдыңғы күні сенатта үкіметтің сағаты атты отырыс өтіпті, сол жерде Тамара Дүйсенова тәтем бүй депті.

Әгәрәки, депті демографиялық баланс реттелмесе депті, 2050 ші жылға таман халқымыздың 50%-ы тек оңтүстік өңірлерде тұратын болады депті.

Сосын халық санының өсуі жай ғана адам санының көбеюі ғана емес, ол дегеніміз экономикамыздың бірден бір тірегі деп қосып, мысалға Қытайда 1930-шы жылдары болған бэйби-бум жағдайын тілге тиек етіпті.

Яғни қытай қалайша дамып кетті десеңіздер , оларда бейби-бум болды, сосын олар өсіп еңбекке араласты сүйтіп дамып кетіпті-мыс. Тамара тәтемнің зерттеуі бойынша.

Қазіргі Президентіміз алдағы үш-төрт жылда экономиканы екі есеге көтеріңдер деп үкіметке тапсырма бергенін білесіздер ғой.

Демек, 2028 ші жылдары ештеңе өзгермей , экономикамыз осы қалпында қалып, инфляция сол жыл сайын 15 пен 20% аралығында қалып халық кедейшіліктен көз ашпай отырса. Оған кінәлі айналып кеп халықтың өзі кінәлі боп атып шығады..

Себебі бэйби-бум жасамадыңыздар деуі мүмкін.

Біз бірінші жаппай бэйби-бум жасауымыз керек екен, сосын ол бэйбилер өсіп еңбекке араласуы керек екен. Сосын барып нәтижелер көріне бастаса керек.

Так что елім жерім, отаным, алашым дегендеріңіз рас болса, Тамара тәтемнің осы бастамасына ат салысыңыздар.

Тамара тәте, егер әділдік орнамай, заң үстемдік құрмайтын болса, репрессия тоқтамайтын болса, 2050- ші жылдары қазақтар оңтүстік өңірлерде емес, Оңтүстік Африкада шоғырланатын болады..

Солтүстікте жалақысы жоғары зауыттар салынбаса , халық не боқ іздеп барады суық жаққа. Бурақанмен бірге шана теуіп, отын бұтауға ма?

Фото ашық дереккөзден алынды.