Президент Тоқаев анасы туралы естеліктерімен бөлісті

0
1173

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі “Аналар күнімен” қазақстандықтарды құттықтап, өзінің анасы туралы естелігімен бөлісті деп жазады Democrat.kz.

Өткен балалық шағын еске алған Президент анасының өз өміріндегі үлкен рөлі мен ерекшелігіне тоқталды.

«Бүгін – Аналар күні. Осыған орай анам Тұрар Шабарбаева туралы естелігіммен бөліскім келеді. Біздің отбасы қарапайым өмір сүрді. Анам көп жыл үй шаруасымен айналысты, ал әкем – жалғыз асыраушымыз болды. Айлықтан тыс кейде қаламақы алғанда үйде нағыз мейрам болатын”,- деп еске алды Президент.

Мұнан бөлек ол анасының ерекше қасиеттеріне тоқталды.

«Бар ғұмырын бізге арнады. Кейде жағдайы бола тұрса да, өзіне емес, немерелеріне сыйлық алып беретін. Өмірімдегі қиын сәттерде, әсіресе Мәскеуде қалу не елге оралу шешімін қабылдау керек болғанда, анамның сөзі маған бағыт берді. “Әкең тірі болса, Қазақстанға қайт дер еді” дегені мен үшін бұйрықпен тең болды», – деп жазды Президент.

Анасының әрбір алтын сөздерін жадында сақтағанын айтқан Тоқаев:

«Анам байлыққа қызықпады. Ел алдында ұятқа қалмау, таза жүру, сабырлы болу – үнемі айтып отыратын қағидалары. Бала күнімнен оның мағыналы әңгімелерін тыңдап өстім. Маған жинақылықты, терең ойлап әрекет етуді үйретті. “Күніңді қалай өткізетініңді таңертеңнен жоспарла. Асығыс адам жолдан жаңылады” деп жиі айтатын», – деді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от QASYM-JOMART TOQAYEV (@tokayev_online)