Зейнеткердің жұмыс істеуі: Дұрыс па, бұрыс па?

Әлеуметтік желіде жұмыс істеп жүрген зейнеткерлер туралы пікірталас тоқтаған емес. Мәселен, таяуда ғана ақтаулық келіншек айлық алатын зейнеткерлерді сынап, видео жариялаған еді. Міне, осы үндеуге қатысты белсенді педагог, білікті ұстаз Жанат Қажығали өз ойын айтып, жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
“Жұмыс істеп жүрген, пенсионерлер! Жұмыстың басында өліп қалыңдар!” – депті өміріне риза болмай жүрген бір әйел.
Оған өлейін деп жатқан мен жоқ. Мұғалімдік – жұмыс емес, тағдыр!
Жұмыс болса:
90-жылдары 6-7 ай айлықсыз жүрмес едім;
түнгі 3-ке дейін сабақ жоспарын жазып, плакатқа сурет салмас едім;
көшені қоқыстан тазартып, ағаш түбін ақтамас едім” деп жазба жариялаған Жанат Қажығалидың жазбасына жұрт пікір жазуда.
Төменде осы жазбаға қатысты жазылған бірнеше пікірді назарларыңызға ұсынамыз. Сіз қалай ойлайсыз, зейнеткердің жұмыс істегені дұрыс па, әлде бұрыс па?
“Пенсияға шықтым деп жасына жетпей кемпір боп қалғанша, тоқсанға дейін шапқылайтын ат болған жақсы.
Ауру қимыл-қозғалыстың жоғында өршиді.
Шапқылай берейік”.
“Мені қазір зейнетке шығарса екен деп тілеймін. Өміріміз елдің бағбаны болып жүргенде, өз бағымызды көктете алмай, ана дүниенің есігін қағып жүрмесімізге кім кепіл? Мен мыналар сияқты әлем аралағым келеді”.
“90 жылдары несиге байланбаған соң, жарты жыл айлықсыз жүргенбіз ғой, қазір мүмкін емес. Үй- үйді аралап, санаққа қатысқанымыздың өзі қаншама әуреге салған”.
“Ойбай неге өледі екенбіз?”
“Мен оқуға түсіп оны бітіріп Рухани Ұстаз болып ұлтқа адамзатқа қызмет етуді бастап кеттім”
“Сосын үкіметте ақым бар менде почти тегін істеп шай пұлдан артылмайтын айлыққа қырық жыл мұғалім болдым”
“Енді ерегіскенде 99 ға келгенше үкіметтен пенсия алып қыдырып жүремін”
“Балдарым немере шөберелерім *бір ай қалған еді 100 ге келетін еді* жылап өзімді пенсиямды қимай отырса деген арман бар”
“5-6 айлап айлық алмай , сонда да мектептен кетпей қиналған күндерімізді қалай ұмытайық. Бала-шағасы көп небір күшті мұғалімдер мектепті тастап,ала сөмке арқалап кетті. Ұнымыз таусылып қалса , бір-бірімізден сұрап, оны түнде барып әкелетінбіз! Көшенің қоқысын біз теретінбіз, санақ болса ,үйме-үй аралап біз тізім жасаймыз.Сайлауда да біз жүретінбіз!”
“Зейнетте болсақ та,әлі жұмыс жасап жүрміз….айтқан адам айта берсін! Ит үреді,керуен көшеді….жастар аз жұмыс жасап,көп ақша алғылары келеді,біздің істегенімізді істегілері келмейді,сондықтан қадіріміз кете қойған жоқ,әзірге”
“Үлкен жастағы жұмыс істейтін кісілердің плюсы: жұмыстан жөн-жосықсыз сұранбайды, қалмайды. Жылап жатқан кішкентай баласы жоқ… Жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін меңгерген, майын ішкен, тәжірибесі жетеді, үйретіп қатты басыңды қатырмайсың (методика жағынан)…. Сенімді адамдар….т.б.
Минусы: шаршайды, кейде жиналыста мызғып алатындары да бар… Жаңа бірнәрсе айтсаң жау төндіріп қашатындары да бар жасағысы келмей, ескілікке үйреніп қалған…. Жас басшылықты менсінбей, өзінікін дұрысқа санап кезінде біз үйткенде-бүйткенде дееееееп тұрып алады қырсығып….. Сосын тез ренжігіш келеді”
“Егер біреудің жұмысқа тұруына кедергі болып жатсаң қайқайған дұрыс. Ал егер маман жетпей жатса өлгенше істей беру керек.”
“Алжығанша жүрмей жұмыссыз жастарға орын беруіміз керек. Ақшаның түбі жеткізбейді. Бинеттің де зинетін көру керек. Тырбаңдап жүріп өлемізде қаламыз”.
“Иә әлі жұмыс жасап жүрміз,уйде отырсам ауырам”
“Мугалімдер мен Поликлиникада істеп жүрген Пенсионерлер құрысын!”
“Жұмыс жасай беріңдер, тек сайлау учаскесіне бармаңдаршы, өтініш!”
Фото автордың парақшасынан алынды.