3-4 жастағы балаларымыз діни уағыз айтқан елміз
ТикТок әлеуметтік желісінде былдырлаған тәтті тілімен жұртты сүйсінткен балақайдың діни уағыз айтуы екұдай ой тудырды деп жазады Democrat.kz.
Қайдар Қанат атымен тіркелген бұл парақшада кіп-кішкентай балақай түрлі қылықтарымен, ерекше білгірлігімен жұртты өзіне тәнті етеді.
Мысалы, әлем елдерінің байрақтарын суреттеріне қарап, еркін ажырататын балақай жеті атасын да жатқа айта алады.
Орыс тілінде ойын жеткізетін бұл балақайдың тағы бір ерекшелігі — хадистерден мысал келтіріп, орыс тілінде уағыз айтады.
Балақайдың видеоларына пікір жазушылар, әрине екі тарапқа бөлінеді. «Дұрыс, бала кішкентайынан дінді біліп, иманды болып өсуі керек» десе, келесі тарап «бала өз ана тілін, ұлттық қасиетін бойына сіңіріп, балалық шағын кедергісіз өткізуі керек. Діни ұстанымды есейгенде таңдағаны жөн» дейді.
Ал сіз қалай ойлайсыз?
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.