“4 әйел алам деген еркекті қолдаймын!” деді блогер қыз (ВИДЕО)

0
451

ТикТок әлеуметтік желісінде блогер Аяулым Жаңабекова көп әйел алуға қатысты пікірін білдірді деп жазады Democrat.kz.

“4 әйел аламын дейтін еркектерді қолдаймын! Олардыкі – дұрыс! Ондай еркектің иманы болады, ондайлар шариғатпен жүреді. Жауапкершілігі мол болады. 4 әйел алам дейтіндер сол 4 әйелді асырай алатын жағдайы болады. Ақшасы көп болады. Миссиясы да үлкен болады. 4 әйеліне де бірдей қарап, төртеуінің де жағдайын жасайды”, – дейді өрімдей жап-жас қыз.

Тиктокердің бұл сөзіне қатысты оқырманы “байыңа әперерсің”, “әуелі бір әйел болып күйеуге тиіп ал, сосын айтасың”, “хайп қуып отыр” деген пікірлер жазуда.

Фото интернеттен.

@ayaulym_zhanabekova

Менім ойымша қазіргі таңда қазақ қоғамында бұл өзекті мәселелердің бірі. Құран Кәрімде көрсетілгендей егер төрт әйел алсаң барлығына бірдей қарау қажет.Сонымен қатар менің естігенім бойынша көп әйел алудың мақсаты нәпсіні қандыру емес,әлеуметтік жәрдем беру.Оны Пайғамбарымыздың мысалынан байқауға болады.Ал біздің қоғамда не болып жатыр,бала-шағасымен асыраусыз қалған жесір әйелдер қамқорсыз қалып жатса,жас сұлу қара домалақ қыздарымыз тоқал болып кетуде.

♬ оригинальный звук – ayaulym_zhanabekova