5 сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болды

0
598

Шымкентте 5-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болды деген ақпарат тарады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Мектеп басшылығының мәліметінше, оқиға баланың өз үйінде болған.

«Олардың сөзінше, мұндай әрекетке баруына отбасылық жанжал себеп болуы мүмкін. Марқұм қаладағы №9 IT лицейінде білім алған», — деп жазылған басылым мәліметінде.

Оқиғаны полиция растады. Бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Кәмелет жасына толмаған баланың өлімі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына байланысты өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейді», — деді Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі өкілі.