633 мыңнан астам көлік міндетті техникалық тексеруден әлі өтпеген

0
178

Елімізде 633 мыңнан астам көлік міндетті техникалық тексеруден әлі өтпеген, деп хабарлайды Democrat.kz. Алматыдағы BAQ.KZ тілшісіне сілтеме жасап.

Бұл туралы «Өңдеу өнеркәсібі одағы» ЗТБ басқарма төрағасының орынбасары Әділбек Бектібаев мәлімдеді.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, 2023 жылы Қазақстанда алғаш рет қолдану мерзімі 2 жылдан асқан 334 мыңнан астам автомобиль есепке қойылды, олардың 285 мыңының қолдану мерзімі 10 жылдан асқан. ҚР ІІМ есебіне сәйкес, қолдану мерзімі екі жылдан асатын автокөліктердің бастапқы тіркеу саны утилизациялықалым және бастапқы тіркеу енгізілгеннен кейін қысқарды, — деді «Өңдеу өнеркәсібі одағы» ЗТБ басқарма төрағасының орынбасары Әділбек Бектібаев.

Елімізге бір адам шетелден 280 көлік әкелген.

Еліміздегі автокөлік паркі едәуір ескірген.  633 мыңнан астам көлік міндетті техникалық тексеруден әлі өтпеген. «Жасыл Даму» АҚ мәліметтері бойынша, Қазақстан Республикасының әр 100 азаматы шамамен 50-60 автокөлік әкелген, ал бір адам тіпті 280 көлік жеткізген, — дейді Әділбек Бектібаев.

Фото ашық дереккөзден алынды.