«Адай» руы туралы шындық неге ашық айтылмайды?

0
249

«Адай» руы — әйелден тараған» дейді мәдениеттанушы, зерттеуші Зира Наурызбай. Бұл туралы ол Qalam арнасындағы сұхбатында айтты деп жазады Democrat.kz.

Зерттеуші Зира Наурызбайдың айтуынша, «Адай» руы әу бастан Ханбибі анадан тараған. «Қазақтың бірнеше руы әйелден тараған. Бұл ескіде қалыпты жағдай болатын. Гениологиялық, эпикалық  шығармаларда «Адай» руы Ханбибі анадан тарағаны туралы деректер бар.

Ханбибі ана Адай атты ұлын сәуледен көтерген. 20 ғасырға дейінгі қазақ шежірелерінде бұл дерек туралы ашық айтылған болса, ал қазір патриархалды қоғамның үстемдік құруынан бұл деректер ашық айтылмайтын болды.

Отпантауда Ханбибі анаға арнап қойылған, алтын жалатылған ескерткіш бар. Бұл ескерткіш таудың етек жағында орналасқан. Адай атаның екі ұлының ескерткішінің қасында Ханбибі ананың ескерткіші аса көрінбейтін, кішірек ескерткіш», — дейді Зира Наурызбай.

Фото видеодан скринделіп алынды. 

@qalam.global

❓Действительно ли род Адай ведёт своё происхождение от женщины? На этот вопрос отвечает известный культуролог и исследователь казахской мифологии Зира Наурызбай.

♬ оригинальный звук — Qalam