Адам өлімі жиілеп барады

0
226

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аптап ыстықтың кесірінен Еуропада жыл сайын 173 мың адамның көз жұматынын мәлімдеді. Ұйым өкілдері бұл деректер жыл санап артатынын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ДДСҰ Аймақтық бюро директоры Ханс Клюгенің сөзінше, өзге аймақтармен салыстырғанда Еуропада температура екі есе жылдам өсіп келеді.

«Еуропада аптап ыстық климатқа қатысты өлімнің басты себебі болып отыр. Жоғары температура салдарынан созылмалы дерттер, соның ішінде жүрек-қан тамырлары, тынсы алуға қатысты дерттер, психикалық жағдай мен диабетке байланысты жағдай ушықты», – дейді Клюге.

Аптап ыстық Еуропада қарттар үшін, соның ішінде жалғыз тұратындарға қауіпті екен. Сондай-ақ жүкті әйелдерге кері әсер етеді. Бұған дейін БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Жерде «температураның көтеріліп, барлық тіршілік иесі үшін қауіпті бола түскенін» ескерткен

Әлемнің кей бөліктерінде температура адам төгіссіз деңгейге жеткен. 2000-2019 жылдары жыл сайын 489 мың адам ыстық көз жұмса, оның 36% Еуропа халқы.

ДДСҰ елдердің үкіметтері температураның көтерілуіне қарсы шара қабылдауға шақырды. Клюге ыстықтың денсаулыққа кері әсерін жоюға болады дейді.

«Егер аймақтағы ыстыққа жақсырақ дайындалсақ, талай адамның өмірін құтқара аламыз», – деді ол.
Аптап ыстыққа байланысты туындайтын қауіпті азайту үшін ДДСҰ келесі кеңестерді ұсынады:

• Ыстықтан қашу, температура көтерілетін уақытта белсенділікті азайтып, далаға шықпау;
• Үйде салқын температураны сақтау;
• Жеңіл әрі бос тұратын киім кию, жеңіл төсек жабдықтарын пайдалану;
• Тәтті және алкогольді сусыннан бас тарту;
• Жақын адамдардың, көршілердің, достардың хал-жағдайын біліп отыру. Қарт адамдарды қатаң бақылау.

Фото көрнекілік үшін.