Адамды үйінен алып шығып, айуандықпен өлтірген

0
1140

Өскеменде бір топ адам жігітті үйінен алдап шығарып, белгісіз жаққа алып кеткен. Кейін оның соққыға жығылған денесін ауруханаға әкеп, дәрігерлерге тапсырған. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.

Марқұмның анасы ұлының өліміне қатысы барлардың барлығын табуды талап етіп отыр. Әйелдің айтуынша, бұл іске кемі 10 адамның қатысы бар. Алайда полиция тек алты күдікті барын хабарлады.

Әлеуметтік желіде марқұмның анасының видеоүндеуі пайда болды. Жалғыз ұлын бір топ адам айуандықпен өлтірген. Анасының айтуынша, ер адамды 30 мамыр күні кешкісін танысы үйінен алып шыққан.

Сол жерде оны үш көлікке мінген белгісіз біреулер күтіп тұрған. Олар жәбірленушіні көлікке күштеп салып, алып кеткен. Бірнеше сағаттан кейін Бағлан Рахманбердиевтің денесі ауруханаға жеткізілген.

Желіде жарияланған видеодан медициналық орталыққа көлік келіп тоқтап, бетперде киген екі адам шығып, дәрігерлерді медициналық көмекке шақырғанын көруге болады.

Бастапқыда олар жараланған адамды мүгедектер арбасына ауыстырмақ болған. Алайда оның жағдайы бұған мүмкіндік бермеген сыңайлы. Олар мәйітті көліктен әрең шығарып, зембілге қояды.

Марқұмның анасы ұлын өлтіргендердің суық қаруланғанын айтады.