«Әділдік және Өркендеу» қорының белсенділері тағы да көмек қолын созды
Мағажан су бөгетінің жарылуына байланысты Ақтөбе облысығ Алға ауданындағы үйлерді су басып, қауіп төндірген болатын. Осы аудан тұрғыны Алғалиевтер отбасының үйі де су басып, зарар келтірген. Бұл отбасыға көмек беру мақсатында «Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қорының Ақтөбедегі филиалының белсендері келді.
Зардап шеккен “Сәрсенғали” Шаруа қожалығының басшысының айтуынша, тасқын су күтпеген жерден келіп, ауыл халқын әбігерге салыпты.
«Су тасқыны болған күнді ешқашан ұмытпаспын. Су әр минутта күшейіп, қайда қашарымызды, не істерімізді білмедік”,- дейді Сәрсенғали Алғалиев.
Қазіргі кезде судың арыны басылды. Алайда су басқан үйлерде тұру мүмкін емес. Үйдің қабырғалары суланып, жарықшақтар пайда болған. Ал үйдің ішіндегі бүкіл мүлік жарамсыз күйге түскен.
”Әділдік және Өркендеу” қоғамдық қорының белсенділері Алғалиевтер отбасын қолдау мақсатында құрылыс заттарын сатып алуға қаражат бөлді. “Басыңа күн туғанда, қайғымен бетпе-бет жалғыз қалғандай боласың. Сондықтан мұндай жағдайда қол ұшын созған әрбір азаматтың әрекеті баға жетпес қымбат дер едім. “Әділдік және Өркендеу” қоғамдық қорының белсенділеріне шексіз алғысымды білдіремін!”-дейді Сәрсенғали Алғалиев.
Еске салып өтейік, “Әділдік және Өркендеу” қоғамдық қоры бұған дейін де бір күндік жалақыларын су тасқынынан зардап шеккен аймаққа жәрдем ретінде аударған болатын. Мұнан бөлек, қор белсенділері су бөгеттерінде де жәрдем жұмыстарын атқаруда.
Фото ашық дереккөзден алынды.