Адыраспанға да тыйым салына ма?

0
39

Ішкі істер министрінің орынбасары Айдос Рысбаев Қазақстанда көрші елдегідей адыраспан пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіле ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы Azattyq Rýhy. сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, әзірге ішкі істер министрлігі адыраспанға тыйым салуды жоспарлап отырған жоқ.

«Бізде қылмыстық жауапкершілік енгізілген жоқ, қарастырылып та жатқан жоқ», — деп қысқа қайырды Рысбаев мәжіліс кулуарында.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың басында Ресей Федерациясы «гармала», яғни адыраспанды өсіруге, сақтауға және пайдалануға тыйым салды. Адыраспан тыйым салынған өсімдіктер қатарына енген.

Оны көршілес елге апарғандарға 1 миллион рубль айыппұл салынады немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Ал аса ірі мөлшерде тасымалдағаны үшін 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Фото ашық дереккөзден алынды.