АЭС слуға қаржы жоқ па?
Ұлттық экономика министрі, вице-премьер Нұрлан Байбазаров үкімет отырысының кулуарында АЭС салу мәселесі жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол үкімет АЭС салуға әлі ешқандай қаржы қарастырмағанын айтты.
«Қазір бюджет жоқ. АЭС салу бойынша шешім шыққанда,яғни референдумнан кейін белгілі болады. АЭС салуды қаржыландыратын көздер коммерциялық жоба болмақ. Ал референдум қандай көздерден қаржыландырылатынын біз әлі білмейміз. Шешімін табамыз», — деді Нұрлан Байбазаров.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша референдум күзде өтетінін айқан еді.