Әйел адам әріптесінің шалбарын шешіп жібергені үшін айыппұл төлейтін болды

0
227

Оңтүстік Кореяда әйел адам әріптесінің шалбарын түсіргені үшін айыппұл төлейтін болды. Біреудің шалбарын шешіп жіберу – бұл жиі кездесетін әзіл.

Оңтүстік Кореяда 50 жастағы әйел адамдардың көз алдында әріптесінің шалбарын және іш киімін түсіріп жібергені үшін 2,8 миллион вон (980 000 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Сонымен қатар, оған жыныстық қысымның алдын алу бойынша 8 сағаттық курс өту жүктелді.

Оқиға былтыр қазанда Канвондо провинциясындағы мейрамхана асүйінде болған. Әйел бұл әрекетін жай әзіл ретінде жасағанын айтқанымен, сот оны жыныстық қысым көрсету ретінде бағалады. Жәбірленуші – 20 жастағы жігіт.

Сот әйелдің бұрын сотты болмағанын және шын өкінгенін ескеріп, жеңіл жаза тағайындады. Ол тіпті жәбірленуші мен оның ата-анасының алдында тізерлеп кешірім сұраған.