«Әйел еркектен бір саты төмен емес»

0
612

Қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылық тоқтамай тұрса да, дін өкілдері сол сұмдыққа жел беріп, отқа май құйып жатқандай еліруде. Мақсаты не сол уағызшылардың?Мақсаты белгілі. Әйелді қандай жолмен болса да, уыста ұстап, тырп еткізбеу.

Белгілі уағызшы Қабылбек Әліпбайұлы ерлі-зайыптылар арасындағы шиеленістің қалай шешілу керегін айтты. Бұл туралы Democrat.kz ақпараттық порталы Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Уағызшының айтпағы ерім деп әйелі бір саты жоғары ұстап, ер-азамат әйелін алақанында аялау керек.

— Екеуі бір командада болу керек. Жұбайы кім не айтса да күйеуіне, арыстанына шаң жуытпау керек. Олардың арасына ешкім кіре алмау керек. «Бәсе, өзім де күмәнданып жүр едім. Кейінгі кезде өзгеріп жүр», деп өсекшілер командасына өтіп кетсе, ол жақсылыққа бармайды.

Жарайды, енді әйел солай өсекшілерге еріп кетсе, күйеуі оны туралау керек. Жұбайын көлігіне отырғызып алып, киноға барып, кафеге барып, бірге ас ішіп, жай сөйлесу керек, -деп отбасы құндылығымен бөлісті. Байқасаңыз, уағыздың астарында айналып келгенде бүкіл жауапкершілік әйелге жүктеледі. Әйел арыстанына шаң жуытпай, кемшілігі, қателігі болса, көз жұмып қарап отыра беру керек сияқты. Бұл дұрыс па?

Уағызшының пікіріне қатысты біз сауал салған азаматтардың пікірі төмендегіше өрбіді.

Айбек Нұрланұлы: «Осындай уағыздардың кесірінен әйелін төмен санап, қол жұмсайтын еркексымақ көбейді. Мынадай уағыздарға тыйым салынбай, қоғам түзелмейді».

Жәния Асылхан, психолог: «Діни уағыз айтуда шектен шығу басым қазір. Бүкіл уағызды тыңдап көріңізші. 99 пайызында әйелді жан-жақтан тыйып, уыста ұстауға бағытталған. Бұл нені көрсетеді? Осындай уағыз айтушы мен оны құптаушының психологиялық тұрғыда сұмдық қорқақ екенін көрсетеді».

Әлия Жұмабаева, экономист: «Әйел-еркектен төмен емес. Еркектен бір саты төмен дегізіп, әйелді тұқырта берудің қажеті жоқ. Керісінше, «әйел-еркектен бір саты жоғары» дер едім. Әйел ақылымен, әдемілігімен еркектен жоғары. Ақылы мен көркі болмаған соң, қара күшін қолданып, өздерін бір сатыға жоғары көрсетуге тек надан, бейшара еркек ұмтылады деп санаймын».

Фото ашық дереккөзден алынды.