Әйелін ұрған еркек қылмыстық жазаға тартылмақ

0
49

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов Мәжілісте қабылданған заң жайлы отырыстың кулуарында айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Заң жобасы депутаттардың бастамасымен әзірленіп, ресми түрде Мәжілістің қарауына ұсынылды.

«Заң  әйелдер мен балалардың құқығын қорғау, азаматтардың құқығын қорғауды қарастырыады. Қазіргі уақытта бір адам екінші адамды ұрып соққыға жықса, ол әкімшілік кодекс бойынша жазаланады. Біздің ұсынып отырған нормамыз бойынша оны әкімшілік кодекстен қылмыстық кодекске көшіріп, криминалдандыру. Зорлық-зомбылық пен ұрып-соғуға жалпы жапуапкершілікті арттыру көзделген. Бұл тек әйел адамдарға ғана қатысты емес», — деді Аймағамбетов.

Депутат атағандай, көшедегі бір азамат екіншісін соққыға жықса ол қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

«Оның денсаулығына жеңіл зиян келсе немесе жалпы ұрып-соғу болса Қылмыстық кодекс негізінде жауапкершілікке тартылады. Күні кеше ғана жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соғу дерегі анықталды. Осындай фактілер бойынша да қылмыстық жауап қарастырылады. Өзінің жақындарын ұрып-соғу, жұмысы кезінде ұрып-соғу болса санкция одан бетер қатаяды. Сондықтан оны әйелдерге қатысты норма деп қабылдамау керек. Ол жалпы ұрып-соғу, жалпы денсаулыққа жеңіл зиян келтіру фактілерінің алдын алуға арналған», — деді Асхат Аймағамбетов.