«Әйелмен алысуды доғарыңдаршы!» дейді

0
1019

Әлеуметтік желіде әйелдердің киіміне байланысты пікірталас толастамай тұр. «Діни киімге тыйым салу» туралы мәселе көтерілгелі бұл дау өрши түсті. 

«Қара жамылыып, етегі жер сызғандар — қауіптің бастауы болуы мүмкін. Қазақтың қыз-келіншектері олай киінбейді. Хиджаб, никаб — арабтың киімі» деген тарапқа «Неге қысқа етек кигендерге заңмен тыйым салынбайды? Неге қыздар ашық-шашық киінеді? Ұят қайда? Қазақтың апа-әжелері киемешек киген» дейді қарсы жақтың «ғұламалары».

Айтысып отырғандардың басым бөлігі — еркектер. Еркектердің ішінде де діни сенімдегілер мен көзі ашық, сауатты ер азаматтар.

Екі тарапқа да айтарым бар. Біріншіден, неге әйелдер сендердің қалауларыңа қарай киінуі керек? Қысқа кисем де, жалаңаш жүрсем де, неге мен әйел ретінде өз қалауымды орындай алмаймын? Апаларымыз кимешек киді ме, көрпе оранып жүрді ме, мені қызықтырмайды.

Шашымды бояп, жайып, бетіме макиаж жасап, тырнақ өсіріп, қысқа, ыңғайлы, ашық киім киемін. 40 жылдан бері осылай. «Аузынан сілекейі ағып, зорлау ниетімен» асылған талай еркек сазайын тартып, таяқ та жеген. Кейбірі қамауға алынып, түрменің дәмін татып келді.

 

Себебі, апаларым өз заманына сай киінді. Ақылының жеткенінше киінді. Ауа райына қарай киінді. 15-16 ғасырдағы киімді неге мен 21 ғасырда киюге тиіспін?

Хиджаб-миджаб кигім келмейді! Ұнамайды! Менің ашық тәнім аң, айуан секілді нәпсісін тежей алмайтын сорлы еркектердің ойын бұзса, неге мен кінәлі болуым керек?

Сымбатты жігітті көрген қай әйел сол еркекті сымбаттылығы үшін кінәлап, «неге жұпыны киінбейді? Неге бетін жаппайды?» дегенін естідіңіз бе? Жоқ.

Өйткені әйелдерде соқыр, тән сезімі жоқ. Еркек өзіне ие болмағаны үшін әйелді кінәлап үйренген. Діндерін де соған қарай ыңғайлап алған. Еркекке тән арам ниетіне қарай төбеден түрлі уахиларды «жаудырып» енді соның жетегінде желпілдеп жүр.

Қорыта айтқанда, әр әйел қалауына қарай киініп, қалауына қарай өмір сүруге қақысы бар. Бұл еркектерге ұнай ма, ұнамай ма, ешбір әйелді қызықтырмауы керек!

Заманы мен қалауына қарай киінген әйелді сөгіп, қоғамның қаупіндей етіп көрсетуге ешбір еркектің қақысы жоқ. Әйел қандай киім ыңғайлы, соны киеді, шаруаларың болмасын!

Шоқша сақалы мен, шіріген тісінен, терден қолаңсыған қолтығы мен шуаштан мүңкіген аяғынан иісі сасыған сондай еркектерге айтарым — өз киімдеріңе айнадан бір қарап, иісі мүңкіген денелеріңді жақсылап жуған соң ақыл айтыңдаршы!

Өзін қорғауға шамасы жететін әр қыз-келіншек қалауына қарай киініп, өмірін сүрсін! Ал өзін қорғай алмайтындар онсыз да етегі сүйретіліп, шоқша сақал сасық еркектің (әйелмен тек сондай еркектер ғана алысады) айтқанын орындап, сүмелеңдеп жүр емес пе?!

Жазба авторы белгісіз.

Интернет иірімдерінен алынды. 

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.