Айқын мен Жұлдыз Парижге романтикалық саяхатқа аттанды

Қазақстан шоу-бизнесіндегі танымал жұп Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали романтикалық саяхатқа аттанды.
«Біз жететін жерімізге жеттік, бұл қай десеңіз – бұл міне, Эйфель мұнарасы, жаным. Туған күнің құтты болсын. Қандай үлкен, алыстан қарасаң кішкентай сияқты. Бұйырса ертең екінші қабатындағы мейрамханасына барамыз», — деп атақты мұнараны көрсетті Айқын Төлепберген.
Жұлдыз Өмірғали бұл қалаға алғаш келгенін жасырмады.
«Күнім, алтыным, бәріне рақмет», — деді Жұлдыз Айқынға.
Сондай-ақ кадрлардан Жұлдыз Өмірғалидің имиджіндегі өзгерісті байқауға болады, әнші шашын қысқартып, өзге түске боятқан.