Айналасына бей-берекет уағыз айтқан дүмшелерге сот үкімі шықты

0
192

Терроризмді насихаттаған қазақстандықтарға қатысты сот үкімі шықты, — деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 7 Қазақстан азаматы және 1 шетелдікке қатысты діни-экстремистік ұйымының қызметін ұйымдстыру және оған қатысу, терроризмді насихаттау деректері бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

«Сотталушылар жанындағыларға идеологияны таратып, зайырлы өмір салтына және конституциялық құрылымға жек көрініш тудырған. Тұрғылықты жерлері бойынша тінтулер барысында айтарлықтай көлемде діни-экстремистік әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер алынды», — деп жазылған ҰҚК мәліметінде.

Сотталушы адамдардың үшеуі бұған дейін осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған.

Ақмола гарнизондық әскери сотымен олар 1 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімдерге бас бостандығынан айырылды.2024 жылғы 2 сәуірде үкім заңды күшіне енді.

Фото ашық дереккөзден алынды.