Айжұлдыз Адайбекова күйеуінің берген сыйлығын көрсетті

Жақында тұрмыс құрған актриса, блогер Айжұлдыз Адайбекова күйеуінен сыйлыққа пәтер алды.
Желі жұлдызы құрылысы бітпеген үйдің фотосын көрсетті.
“Менің әйеліме сыйлығым – пәтер. Енді Алматының орталығынан өзіміздің жайлы ұямызды жасаймыз!”, – деп бөлісті экстрим-блогер Сәкен Қағаров.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, екі жасқа бақыт тілеп жатыр.