Айжұлдыз Адайбекованың қашан ақ көйлек киіп, той жасайтыны белгілі болды

Блогер Сәкен Қағаров пен актриса Айжұлдыз Адайбекованың үйлену тойы қашан өтетіні белгілі болды.
Бұған жауап берген Қағаров Айжұлдыз екеуі былтыр күзден бері осы пәтерде бірге тұрып жатқандарын, қыста неке қидырғандарын және көктемде үлкен той жасайтындарын айтқан.
«Соңғы бес жыл шын махаббатымды іздедім. Жарнамалардың бірінде Айжұлдызды көріп, ғашық болдым. Оның бұрын ажырасқаны және баласы бар екені мені мүлде қызықтырған жоқ. Керісінше, болашақта тағы бір сәби сүйсек, екеуі бір-біріне серік болады. Айжұлдыз екеуміз былтыр күздің соңыннан бері осы үйде бірге тұрып жатырмыз. Оның өз пәтері бар екенін де айту керек. Қыста неке қидырдық. Енді көктемде, мамыр айында үлкен той жасаймыз», — деді Қағаров.
Еске салсақ, бұған дейін блогер Айжұлдыз сүйіктісі Сәкен Қағаровпен мешітте некесін қиғанын жазған едік.
Сондай-ақ Жанар Айжанованың қызы тойға қызу дайындалып жатқанын жазған болатынбыз.