Әкемді ажалдан сақтап қалған аруақ

0
423

Менің әкем ағаш ұстасы болды, ол мезгілдері есік-терезе ағаштан қолдан жасалатын.Өзінің арнайы ұстаханасы болды.

Сол есік-терезе жасау жұмысы барысында терезе азғаштарын станоктен өткізіп жатқанда әкемнің көзіне марқұм атам елестей береді.

Басында оншалықты мән бермеген әкем, марқұм атам қайта-қайта елестей берген соң, шаршағаннан ба құрысын дем алайын деп станокты сөндіріп розеткадан енді суырмақшы болғанда, станоктың проводы ағаш қиындыларына басылып, станок шкивіне тиіп тұрғанын көзі шалып қалады.

Қараса, шкив қажап проводтың ішкі сымына тиюге сәл ғана қалып тұр екен.

Станок 380 вольттық, енді бұдан әкеме не боларын ойлай беріңдер. Жалпы қай жылдары екені нақты есімде жоқ 90-95-ші жылдар аралығы болса керек, әкем үйге келіп шешеме осы жайтты таңданыспен айтып отырғаны есімде.

Кейін бірнеше жылдан соң да осы оқиғаны басқаларға да айтқанын білем.

Сонда аруақтар көмектеседі деген түсінік бекер емес екен, ата-бабаларымыз құр босқа айтпаған шығар. Осындай оқиғалардың талай рет куәсі болғандықтан осыған сенген болуы керек.

Енді қараңыз! Бүкіл ғұмырын ұл-қызына арнап, осы өмірде ұрпағы үшін өмір сүрген әке-шеше, о дүниелік болғанда да аруағы ұрпағының тілеуін тілеп жатуы әбден мүмкін емес пе!?

Қазіргі қазақтың көбі дін деп арап еврей пайғамбарлары мен сахабаларының әруағына тағзым етіп, олардың әйелдерін АНА деп соларды ұлы тұлға деп танып, өз ата-баба аруағына қиянат жасап отыр.

Ұрпағын жақсы жолға бастап, бүкіл өмірін, тапқан таянғанын үрпағына арнаған әке-шешеңіздің аруағына тәу етпей, басқалардың аруақтарына тәу етіп кетсеңіз, әрине сізге аталар аруағы ешқашан аян беріп сізге көмектеспейді. Адаспа қазақ!!

Ұлы даланы дүбірлеткен Сақ, Ғұн, Көк түрік, Моғол Татар, көшпенділердің ұрпағына Мұхаммедтің аруағының ешқандай  қатысы жоқ!

Бір кездері Ленинді де «ата» деп оны әке- шешемізден де артық жақсы көре бастайтын дәрежеге жеткізгісі келді.

Өз өзіңді танып білсең, Мұхаммедтің де қазаққа жат екенін түсінесіз.!

Сәбит ШЕРКЕШБАЙҰЛЫ, қоғам белсендісі.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.